Түрікменстан президенті Тоқаевты мерейтойымен құттықтады

Сурет: turkmenistan.gov.tm
Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты 70 жасқа толуымен құттықтап, ізгі тілегін жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан мемлекеттіліктің нығаюы мен қарқынды әлеуметтік-экономикалық даму жолымен дәйекті түрде жүріп жатқанын атап өтті.

"Соңғы жылдары елдің халықаралық аренадағы беделі айтарлықтай артты. Біз Сіздің Түркіменстан мен Қазақстан арасындағы дәстүрлі достық, стратегиялық қарым-қатынастарды дамытуға қосқан жеке үлесіңізді жоғары бағалаймыз және екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі кеңейе түсуіне үміт артамыз", – деді Түрікменстан басшысы.

Сердар Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, амандық және бауырлас Қазақстан Республикасының бақытты өмірі мен гүлденуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметінде жаңа табыстар тіледі.

Сердар Бердімұхамедовтің құттықтауы "Нейтральный Туркменистан" газетінде  жарияланды.

Қазақстан
Түрікменстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады