Тоқаев еліміз үшін онлайн сауданы дамыту аса маңызды екенін айтты

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші «Орталық Азия – Қытай» саммитінде сөз сөйлеп, бірқатар мәселеге тоқталды. Соның бірі - электронды сауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің сөзінше, электронды сауда саласында өзара алыс-берісті арттыру үшін қосымша мүмкіндік бар.

"Бұл бағытта Қытайдың көш бастап тұрғаны сөзсіз. Онлайн сауданы дамыту аса маңызды. Бұған жаппай шектеулер кезінде көзіміз анық жетті. Қытайдың «Alibaba Group», «JD COM» сияқты интернет алпауыттарының осы саладағы тәжірибесі мен әлеуеті орасан зор. Орталық Азия елдерінің нарықтағы бәсекеде өз артықшылықтары бар. Осы орайда, Қазақстан Қытайдың ірі электронды сауда алаңдарын кеңінен пайдалануды ұсынады. Бұл қадам өнімдерімізді нарыққа бірлесе шығару үшін аса маңызды", - деді Қазақстан президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев кеше JD COM платформасында Қазақстанның ұлттық павильоны ашылғанын еске салды. 


Қазақстан
Қытай
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды