Тоқаев Қытаймен визасыз режим туралы: "Құжат іскерлік байланысты кеңейтіп, туристер легін арттырады"

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші "Орталық Азия – Қытай" саммитінде Қазақстан мен Қытай азаматтарының екі ел арасында 30 күнге дейін визасыз жүруіне мүмкіндік беретін үкіметаралық келісім туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы мәдениет және білім саласындағы ынтымақтастықты, сонымен қатар туризмді дамыту қажет екенін қозғады.

"Жеке адамдардың қарым-қатынасы мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға септігін тигізері сөзсіз. Қазақстан мен Қытай азаматтарының екі ел арасында 30 күнге дейін визасыз жүруіне мүмкіндік беретін үкіметаралық келісімге қол қойылды. Бұл құжат іскерлік байланыс аясын кеңейтіп, туристер легін арттыруға ықпал етеді деп сенемін", - деді президент.

Мемлекет басшысы Орталық Азия елдерінің мәдениеті бай, көрікті жерлері де көп екенін қоса кетті.


"Соның бәрі қытайлық туристер үшін қызық болары анық. Осы орайда мен "Жібек жолы" туристік операторларының тізімін жасауды ұсынамын. Топтық турлар үшін визасыз режим енгізіп, бірыңғай туристік кластер құру қажет. Сол кезде қытай туристері бір сапарда Орталық Азияның бірнеше еліне бара алады", - деді Тоқаев.
Қазақстан
Қытай
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты