Тоқаев тағы да ЕАЭО-дағы басымдықтар жайын сөз етті

Мемлекет басшысы СҚО ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесуі барысында жақында Мәскеуде өткен саммит қорытындылары аясында ЕАЭО-дағы басымдықтарға тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Солтүстік Қазақстан облысы Ресей Федерациясымен шекарада стратегиялық позицияға ие екенін атап өтті.

"Ол біздің табиғи әріптесіміз. Біз ЕАЭО аясында да, екіжақты деңгейде де кедергісіз сауда мен тауар алмасуды қамтамасыз ету бойынша тұрақты келіссөздер жүргіземіз", –  деді ол.

Мемлекет басшысы ЕАЭО елдері арасында бірыңғай тауар нарығын құру үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек екенін атап өтті.

"Біз ең алдымен экономикалық ынтымақтастық, интеграция, әріптестік мәселелерімен айналысуымыз керек екенін айттық. Сауда кедергісіз болуы керек. Бірыңғай тауар нарығын құру үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек. Қазақстандық жүк тасымалдаушылар жүктерді Ресей нарығына да, үшінші елдер нарығына да еркін және тиімді тасымалдау үшін Ресей аумағында ішкі темір жол тарифтеріне қол жеткізуі керек. Тағы да қайталап айтамын: ЕАЭО-да бірінші кезекте экономикалық интеграция мәселелерімен айналысуымыз керек, қалғаны сонан соң".Қасым-Жомарт Тоқаев

24 мамыр күні Мәскеудегі Еуразиялық экономикалық форумда сөйлеген сөзінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Одақтың іргетасы "төрт еркіндік" және инфрақұрылымға тең дәрежеде қол жеткізу, әділ бәсеке, тең құқық және ұлттық мүддені ескеру секілді негізгі қағидаттар екенін айтты.


Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: