Тоқаев: Қазақстан көлік-логистикалық мүмкіндіктерінің барлық спектрін іске қосуға дайын

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Еуропалық Одақ" басшыларының екінші кездесуінде сөз сөйлеп, Қазақстан өзінің сауда-экономикалық және көлік-логистикалық мүмкіндіктерінің барлық спектрін іске қосуға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Президенті былтыр қараша айында Еуропалық Комиссияның Президенті Урсула фон дер Ляйенмен бірге Тұрақты шикізат, аккумуляторлар және жаңғыртылатын сутектің құнын жасақтау тізбегі бойынша стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойылғанын атап өтті.

"Біздің көпқырлы ынтымақтастығымызды одан әрі дамыту үшін мүмкіндік мол. Географиялық жағдайын ескере отырып, Қазақстан Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара тиімді кооперацияны кеңейту үшін өзінің сауда-экономикалық және көлік-логистикалық мүмкіндіктерінің барлық спектрін іске қосуға дайын", – деді Президент.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Одақ басшыларының екінші кездесуіне қатысу үшін 2 маусым күні Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды.

Қырғызстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды