Кейінгі 3 жылда көкөніс дақылдарының егіс алаңы 10,5 мың гектар ұлғайды

Бұл туралы мәжілісте өткен үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кейінгі 3 жылда көкөніс дақылдарының егіс алаңы 10,5 мың гектар ұлғайды. Олар 2022 жылдың қорытындысы бойынша 169,7 мың гектарды (2019 ж. – 159,2 мың га) құрады, оның ішінде сәбіз алқабы 1,0 мың гектарға (2019 ж. – 20,6 мың га), қияр алаңы 2,1 мың гектарға (2019 - 21,0 мың га), пияз 4,5 мың гектарға (2019 ж. – 32,7 мың га) ұлғайды.

"Көрсетілген кезеңде көкөніс дақылдарының орташа өнімділігі артты. Мәселен егер 2019 жылы ол 260,5 ц/га болса, 2022 жылы ол 271,4 ц/га болды. Өз кезегінде көкөніс дақылдарының жалпы өнімі 653 мың тоннаға ұлғайып, 2022 жылдың қорытындысы бойынша 4,8 млн. тоннаны құрады. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар дақылдардың жалпы түсімі ұлғайды, пияз 187,8 мың тоннаға (1 114,0 мың тонна), сәбіз түсімі 17,2 мың тонна (621,4 мың тонна), қияр 74,1 мың тонна (568,7 мың тонна), қызанақ 10,7 мың тонна (801,2 мың тонна) болды", - деді Ербол Қарашөкеев.

Картоп өндіру бойынша да осындай жағдай. Кейінгі үш жылда егіс алаңы 7,6 мың гектарға ұлғайтылды және 2022 жылдың қорытындысы бойынша 198,9 мың гектар болды. Өнімділік 203,4 ц/га-дан 205,3 ц/га-ға дейін ұлғайды, жалпы алым 168,4 мың тоннаға ұлғайып, 4,1 млн.тонна болды.

Биыл облыстар әкімдіктерінің деректері бойынша көкөніс дақылдары 173,5 мың гектарға, картоп 197,6 мың гектарға егілді. Жалпы көкөніс дақылдары мен картоптың жалпы өнімі ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар маусымаралық кезеңде өніммен қамтамасыз етуде проблема бар. Негізгі тапшылық сәуір-мамыр айларында болады. Маусымаралық кезеңде халықты өз өнімдерімен қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар қабылданады.

Фермерлерді ынталандыру үшін жақсы құрал - инвестициялық субсидиялау. Оның шеңберінде жылыжай кешендерін салу және кеңейту кезінде шығынның 25%-ын өтеу көзделген. Нәтижені тездету үшін қазір нормативті 30%-ға дейін арттыру жүргізіліп жатыр.


Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: