Президент: Қоғамда заң мен тәртіп қатаң сақталғанда ғана еліміз өсіп-өркендейді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде қылмыстың ұйымдасқан түрлері мемлекет пен қоғам үшін зор қауіп төндіретінін баса айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент "Ұйымдасқан қылмыстық топ өкілдерімен «бармақ басты, көз қысты» әрекеттерге баруға, астыртын мәміле жасауға, сыбайластыққа жол берілмейді әрі қатаң тыйым салынады" деп ескертті.

"Қылмыстың ұйымдасқан түрлері мемлекет пен қоғам үшін зор қауіп төндіреді. Ел ішінде болған жайттар, сондай-ақ төңірегіміздегі геосаяси кеңістікте болып жатқан оқиғалар ұйымдасқан қылмыстық топтармен ымырасыз күрес жүргізудің аса маңызды екенін көрсетті. Ұйымдасқан қылмыстық топ өкілдерімен «бармақ басты, көз қысты» әрекеттерге баруға, астыртын мәміле жасауға, сыбайластыққа жол берілмейді әрі қатаң тыйым салынады. Олардан қаһарман жасаудың керегі жоқ. Кезінде Абай «Күшік асырап, ит еттім, ол балтырымды қанатты. Біреуге мылтық үйреттім, ол мерген болды, мені атты" деп айтқан". Мемлекет басшысы

"Таяудағы оқиғалар қылмыс әлемінің өкілдері, түптеп келгенде, мемлекет пен заңға бағынатын азаматтарға қарсы бас көтеріп, саяси талап қоюға және өз дегенін жасатуға тырысатынын көрсетті" деп қосты ол.


"Жалпы заңға бағыну мен құқық бұзушылықтың ара-жігін нақты ажырата білу қажет. Тағы да қайталап айтамын. Қоғамда Заң мен Тәртіп қатаң сақталуы керек. Сонда ғана еліміз өсіп-өркендейді. Бұл – мызғымас қағида. Қылмыскерлермен күрес ымырасыз жүргізілуге тиіс. Бірде бір құқық бұзушылықты елеусіз қалдыруға болмайды. Мұнда ұсақ-түйек деген жоқ".Тоқаев
Қазақстан Астана Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: