Әлихан Смайылов Еуразиялық даму банкі кеңесінің отырысын өткізді

Сурет: primeminister.kz
Жиында былтыр атқарылған жұмыстар қорытындыланып, ағымдағы өзекті мәселелер талқыланды.

ЕАДБ басқарма төрағасы Николай Подгузовтың мәліметінше 2022 жылы Банк еуразиялық кеңістіктегі жетекші даму институты ретіндегі рөлін нығайтты. Бұған оның жобаларына инвестиция көлемінің айтарлықтай өсуі дәлел.

Жинақталған инвестициялық портфель жалпы құны $2,5 млрд болатын жаңа жобаларға қол қою арқылы $13,4 млрд-қа жетіп, рекордтық көрсеткіш болған, сондай-ақ есепті кезеңдегі жоспарлардан айтарлықтай асып түскен.

Осылайша, қатысушы елдер азаматтарының өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған Банк жобаларының жалпы саны 273-ке жетті.

Премьер-Министр ЕАДБ өткен жылы ауқымды жұмыс атқарғанын баса айтты. Осы ретте даму жобаларын одан әрі жүзеге асыру барысында тәуекелдерді басқаруға және Банктің кредиттік рейтингін сақтауға ерекше назар аудару қажет.

«Инвестиция көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда $1 млрд-қа жуық артты. Ағымдағы инвестициялық портфель өсуде. Біз Банктің тұрақты дамуы және сәйкесінше қатысушы елдердегі жобаларды қаржыландыру бойынша жұмысты жалғастыруымыз керек», — деді Әлихан Смайылов.

Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды