Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымы бүгінде табысты әрі көпжақты ұйымға айналғанын айтты

Сурет: akorda.kz
4 шілде күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысып, ұйымның халықаралық беделі артып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдымен Президент Шанхай ынтымақтастық ұйымына Үндістан Республикасының табысты төрағалық еткені үшін премьер-министр Нарендра Моди мырзаға алғыс айтты.

"Сіздің еліңіз ұйымымызды дәйекті дамытуға және оның халықаралық беделін арттыруға елеулі үлес қосты. Бүгінгі саммит ашықтық, өзара сенім мен тең құқықтық принциптеріне негізделген жаһандық көпжақты диалогқа тың серпін береді. ШЫҰ қарқынды түрде кеңейіп келеді. Бұл ұйымның рөлі артып келе жатқанын және көпжақты өзара тиімді ынтымақтастығымыздың нығая түскенін білдіреді", – деді Қазақстан президенті.

Осы ретте ол Иран Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раисиді ШЫҰ-ға толыққанды мүше мемлекет мәртебесін иеленуімен құттықтап өтті. Сондай-ақ Беларусь Республикасының  Ұйымға мүше атану процесі аяқталуға жақын екенін атап өтті.

"Осы жағдайды пайдалана отырып, әріптесіміз Президент Александр Григорьевич Лукашенконы кеше өткен Беларусьтің Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Бауырлас белорусь халқына амандық, бақ-береке тілеймін. Бірнеше күннен кейін Өзбекстан Республикасында президент сайлауы өтеді. Құрметті Президент Шавкат Миромонович Мирзиёевке осы маңызды шараны табысты өткізуге тілектестік білдіремін".Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының халықаралық беделі жоғары екенін, бүгінде табысты әрі көпжақты ұйымға айналғанына тоқталды.


Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз