Тоқаев Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасын қабылдады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы Тошиаки Эндоны қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесуде Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің және парламентаралық ықпалдастықты нығайтудың өзекті мәселелері қарастырылды, деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Тошиаки Эндоға ілтипат білдіре отырып, азаматтарымыздың жапон халқына құрметі ерекше екенін айтты", – делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы сенімді қарым-қатынастың айрықша деңгейде екенін атап өтті. Сондай-ақ Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының өзара байланыстарды нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Қазақ-жапон қатынастары саласында экономикалық бағыт маңызды рөл атқарады. Президент сауда және инвестициялық іс-әрекеттердің мол мүмкіндігіне назар аударып, еліміздің экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге 8 миллиард доллар инвестиция құйған Жапония Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторларының ондығына кіретініне назар аударды. Сондай-ақ мемлекеттеріміз арасындағы тауар айналымы 2 миллиард долларға жеткенін атап өтіп, бұл көрсеткішті одан әрі арттыру үшін мол әлеует бар екенін жеткізді.

Тошиаки Эндо кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Жапония Премьер-министрі Фумио Кисиданың жолдаған хатын табыстады.

Сурет: akorda.kz

Парламенттік достық лигасының төрағасы Жапония Парламентінің барлық сала бойынша Қазақстанмен өзара тиімді серіктестікті кеңейтуге дайын екенін растады.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады