Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Байменовті қабылдады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 10 шілде күні Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменовті қабылдады. Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласындағы қазіргі үрдістер мен даму перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасаөз қызметінің мәлімдеуінше, Президент Астана хабы мемлекеттік басқару жүйесін дамыту мәселелері бойынша сараптамалық тұрғыда маңызды қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті.

"Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, билік өкілеттіктерін орталықсыздандыру және мемлекеттік органдар қызметіне жобалық әдісті белсенді енгізу арқылы әкімшілік реформаны тиімді жүзеге асыру маңызды екенін айтты", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар кездесуде қоғамды одан әрі ұйыстыру, атап айтқанда, заң мен тәртіпті сақтау, кәсібилік және еңбек адамының рөлін арттыру секілді құндылықтарды қалыптастырудың маңыздылығы қарастырылды.

Бұдан бөлек, Әлихан Байменов Президентке Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының жұмысы туралы мәлімет берді. Мемлекет басшысы ұлттық ойынымызды елімізде және шетелде одан әрі дәріптеу маңызды екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы Қазақстанда өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын жоғары деңгейде ұйымдастыру қажет екеніне назар аударды.


Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Қазақтың алғашқы әйел дәрігері Аққағаз Досжанова туралы не білеміз

Қазақстан үкімет отырысын өткізудің жаңа форматына көшті