Қазақстандағы оқулықтар қашан толығымен цифрланады

Сурет: Zakon.kz
Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті қазір оқулықтардың 80%-ы цифрлық форматқа көшірілгенін мәлімдеді. Цифрлық нұсқадағы оқулықтар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді.

Цифрлық оқулықтарды әзірлеуге еліміздегі 11 баспа көмектескен. Пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу мақсатында педагогтердің оны пайдалануы үшін әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, оқытылды.

"Қазір еліміздегі бастауыш сынып оқулықтарының 94%-ы, 5-9 сынып оқулықтарының 8%-ы, 10-11 сынып оқулықтарының 61%-ы электрон нұсқаға көшірілген. 2024 жылы пәндерді цифрлық оқулықтармен 100% қамту жоспарланған",– дейді орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

Электрон оқулықтармен қатар мектептерде қосымша оқу материалы ретінде мультимедиалық контенті бар цифрлық білім беру ресурстары белсенді қолданылады. Қазір 50 мыңнан аса цифрлық білім беру ресурсы жасалды.

2023 жылдың басынан бастап Цифрлық білім беру ресурстарына 6,7 мың мектеп қосылды. Бұл ресурстарды бүгінде күн сайын 3 миллионға дейін оқушы мен мұғалім қолданып келеді. Цифрлық білім ресурстарында барлық сыныпты қамтитын 50 мыңнан аса бейнесабақ жарияланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі