МАЭК биыл жылыту маусымына дайын ба

Сурет: Zakon.kz
Бүгінгі үкімет отырысына Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов қатысты. Үкімет кулуарында ол журналистердің "МАЭК жылыту маусымына дайын ба?" деген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты (МАЭК) өңірдегі өндіріс аймақтарын және тұрғындарды электр энергиясымен, жылумен және сумен қамтамасыз етеді. Биыл жазда МАЭК-те ақаулар болып, ол істен шықты. Осыған байланысты халық "Қыста жылусыз қалмаймыз ба?" деп алаңдайды. Журналист вице-министрден "МАЭК биылғы жылыту маусымына дайын ба?" деп сұрады.

"Жаман айтпай, жақсы жоқ. Назар аударып отырмыз. Облыс әкімі терең бақылауда ұстап отыр. Нұрлан Асқарұлы, сол кісінің орынбасарлары бар. Мекеменің басшыларымен күнделікті байланыстамыз. Сондықтан біздің барлық жұмысымыз мынау Ақтау өңірінде, Жаңақалада орналасқан. Өйткені МАЭК Маңғыстау өңіріне өте жақын. Маңызды станция. Кішкене түшкіріп қойсақ, мұнай сегментіне де әсер етеді. Сондықтан өзіміздің жоспарымыз, мақсатымыз бар. Соны орындаймыз". Жандос Нұрмағанбетов

"Демек, жылыту маусымында ақау болмайды, солай ма?" деп нақтылады журналистер.

"Соған сенгім келіп отыр. Тырысамыз", - деп жауап берді вице-министр.
Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін