Тоқаев Малайзияның Жоғарғы билеушісін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзияның Тәуелсіздік күніне орай Мемлекет басшысы – Малайзияның Жоғарғы билеушісі Сұлтан II Абдулланы құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Малайзияның Жоғарғы билеушісіне жолданған жеделхаттың мәтіні Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

"Қазақстан мен Малайзияны түрлі саладағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған берік серіктестік қатынастар байланыстырады. Екі елдің мүддесін көздейтін көпжақты іс-әрекеттерімізді нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалануға дайын екенімді білдіремін", – деп жазылған жеделхатта.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы билеушінің барлық игі бастамаларына табыс, ал достас Малайзия халқына бақ-береке тіледі.

Сондай-ақ бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды