Аудан әкімдерінің сайлауы жыл соңына дейін өтуі мүмкін – ҚР ОСК төрағасы пікір білдірді

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
1 қыркүйекте Мемлекет басшысы жариялаған Қазақстан халқына Жолдауынан белгілі болғандай, аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы жыл соңына дейін өтуі мүмкін. Бұған қатысты ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Нақты шешімді жергілікті мәслихаттар қабылдайды. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлаудың мерзімі белгіленгеннен кейін аймақтарда тиісті дайындық басталатынын жеткізді. Бүгін Мемлекет басшысы: "Аймақтағы атқарушы биліктің шешім қабылдау ісіне азаматтардың тікелей қатысу мүмкіндігін біртіндеп арттыру маңызды", - деген еді. Ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін тұрғындар өздері сайлай бастағанына екі жылдан асты. Содан бері ауылдық деңгейдегі әкімдердің төрттен үші сайланды. Енді аудан және облыстық деңгейдегі қала әкімдерінің сайлауы өту тиіс", деп хабарлайды "Хабар 24".

"Негізі осының алдындағы Жолдауында да Президент осы мәселені көтерген болатын. Тиісті дайындық жұмыстарын біз Орталық сайлау комиссиясы аумақтық комиссиялармен бірге өткізіп жатырмыз. Негізі біздің бүкіл инфрақұрылымымыз аталған күрделі және жаңа сайлауды өткізуге толық дайын". ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров
Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент Жолдауы - 2023

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз