Президент әкімшілігінің басшысы Ақмола облысының жаңа әкімін таныстырды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Президент әкімшілігінің басшысы Олжас Бектенов Ақмола облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысына қатысты.

Кездесу барысында Олжас Бектенов депутаттарға Ақмола облысының әкімі лауазымына Марат Мұратұлы Ахметжанов пен Мұрат Сағатұлы Балпанның кандидатурасын ұсыну туралы президенттің хатын оқып берді.

Ашық дауыс берудің нәтижесінде 177 депутат Марат Ахметжановтың, 73 депутат Мұрат Балпанның кандидатурасын қолдап, дауыс берді. Жиналысқа барлығы 250 депутат қатысты. Дауыс беру қорытындысы бойынша президент Жарлығымен Ахметжанов Марат Мұратұлы Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды. Өңір активіне жаңа әкімді таныстырған Олжас Бектенов Марат Ахметжановтың құқық қорғау және қадағалау салаларында түрлі басшылық қызметтерді тиімді атқарған тәжірибелі басшы екенін атап өтті.

Олжас Бектенов жергілікті атқарушы органдардың жұмысы азаматтармен табысты байланыс орнатуға және мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыруға негізделуі қажет екеніне назар аударды.

Кездесу соңында Олжас Бектенов Марат Ахметжановқа облыс тұрғындарының игілігі үшін президент жүктеген барлық міндетті орындау жолында табыс тіледі, сондай-ақ аймақтың бұрынғы басшысы Ермек Маржықпаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Виза үшін 20 мың долларға дейін: АҚШ 50 ел азаматына тұрақты кепілдік енгізеді

Сақтандыру қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді