Тоқаев Қазақстан халқын Отбасы күнімен құттықтады

Сурет: ҚР Президентінің телерадиокешені
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Отбасы күніне орай құттықтау жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент әрбір адам үшін ұшқан ұясының орны бөлек екенін баса атап өтті.

"Өскелең ұрпақтың отбасында тәлім-тәрбие алып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруі өте маңызды. "Отан отбасынан басталады" деп бекер айтылмаған. Салт-дәстүрге құрмет те, туған елге сүйіспеншілік те қасиетті қара шаңырақтан бастау алады. Отбасы институты еңбекқорлық, білімпаздық, тілектестік сынды "Адал азаматқа" тән қасиеттерді қоғамда жан-жақты дәріптеу арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосады". Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы берекелі шаңырақ – елімізді үйлесімді әрі орнықты дамытудың мызғымас кепілі екенін алға тартады.

"Сондықтан мемлекет ана мен баланы қорғау жүйесін жетілдіруге, отбасы құндылықтарын ұлықтауға баса мән береді. Әр отбасының әл-ауқатын жақсарту – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы негізгі міндеттің бірі. Қазақстандағы әрбір шаңырақтың керегесі кең, босағасы берік болсын! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!", - деді Президент.

Айта кетсек, Отбасы күні Қазақстанда 2013 жылы белгіленіп, әр жылдың қыркүйек айының әр екінші жексенбісінде атап өтілетін болды. 2023 жылы бұл күн 10 қыркүйекке сәйкес келіп отыр. 

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Қазақстанда жол жөндеуге қатысты жаңа тәсіл енгізіледі: асфальт барлық жерде төселмейді

Автобустың есігін өзі жөндеп алып, жүргізуші куәлігінсіз жолаушы тасымалдаған қазақстандық ұсталды

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Алматылықтар тұрғылықты жеріне жақын маңда автокөлігін тегін қоя алады