Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының алтыншы отырысы өтті

Сурет: gov.kz
11-13 қыркүйекте Ашхабадта Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының алтыншы отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған келіссөздерге Әзірбайжан Республикасының (басшысы – С.А. Шарифов), Иран Ислам Республикасының (басшысы – А. Джахангири), Қазақстан Республикасының (басшысы – З.А. Аманжолова), Ресей Федерациясының (басшысы – М.И. Петраков) және Түрікменстанның (басшысы – М.Г. Атаджанов) делегациялары қатысты.

Отырыста түрікмен делегацияның басшысы М.Г. Атаджанов төрағалық етті.

"Тараптар Каспий теңізінде бастапқы тік сызықтарды белгілеу әдістемесі туралы келісімнің жобасын талқылауды жалғастырды және оның бірқатар ережелерін келісті. Осы құжатты талқылау ЖДЖТ-ның келесі отырысында жалғастырылатын болады. Сондай-ақ, отырыста Каспий маңы мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлерінің кездесуіне дайындық мәселелері талқыланды", делінген хабарламада.

Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының келесі отырысы Әзербайжан Республикасында өтетіні де нақтыланады.

Түрікменстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі