Қауіпсіздік комитеті заңсыз көші-қон үшін пара берді деген күдікке ілінген адамды ұстады

Сурет: ҚР ҰҚК
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ел аумағында шетел азаматтарының заңсыз көші-қонын анықтау және жолын кесу ісін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰҚК мәліметінше, 2023 жылдың 9 қыркүйегінде Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаментінің жедел қызметкерлері заңсыз көші-қон қызметіне жалпы қамқорлық жасау үшін шенеунікке пара берді деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстады.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, ұсталған азамат тиісті рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін тартумен айналысқан. Пара ретінде 400 мың теңге көлеміндегі қолма-қол ақша тәркіленді", - делінген 14 қыркүйекте тараған хабарламада.

Комитет ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабы, 2-бөлігі ("Аса ірі мөлшерде пара беру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын түсіндірді.

"ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды", - деп толықтырды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды