ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы жаңадан тағайындалды

Сурет: gov.kz
Жандос Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын", делінген Ақорда жариялаған Мемлекет басшысының қаулысында.

Жандос Шаймарданов 1987 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2009 жылы "Болашақ" стипендиясы бойынша Ұлыбританиядағы Йорк университетін "Экономика және қаржы" мамандығы бойынша бітірген. 2020 жылы Испаниядағы IE университетінде Бизнес-талдау және Big Data магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Экономика және жоспарлау министрлігінде бас сарапшы қызметінен бастаған.

Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды