Енді жастардың энергетик сусындарды сатып алуына тыйым салынбақ

Сурет: pexels
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде 11-15 жастағы жасөспірімдердің энергетик, тәтті сусындарды ішуі 17,5%-ға тең.

"21 жасқа дейінгі адамдарға энергетик сусындарды сатуға тыйым салуды енгізу жөніндегі норманы талқылау рәсімі жүргізіліп жатыр", - деді Ажар Ғиният.

Темекіні тұтынуды азайту үшін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап темекі өнімдеріне акциздің ставкалары көтерілді. Тұтынудың электрондық жүйелерінің (вейптер), олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымына толық тыйым салуды енгізу бойынша мәжілісте Заңға өзгерістер қарастырылды.

Елімізде ересек тұрғындардың 21%-ы темекі тартады. Балалардың 20%-ы артық дене салмағынан, ал 6%-ы семіздіктен зардап шегеді.



Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек