Звира Есбергенова Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Бүгін, 3 қазанда өңір басшысы Нұрлан Ноғаев ұжымға кандидатурасы ҚР Президенті әкімшілігімен келісілген жаңа орынбасарын таныстырды. Маңғыстау облысы әкімінің жаңа орынбасары Звира Есбергенова болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Звира Есбергенова Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін "Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі" және "құқықтану" мамандықтары бойынша бітірген. Сондай-ақ, МВА бағдарламасы бойынша магистратурада оқыды, "Іскерлік әкімшілендіру магистрі" мамандығы бойынша "Almaty Management University" НОУ Экономика жоғары мектебінде білім алды.

Еңбек жолын 1987 жылы Маңғыстау облысының Сай-Өтес бекетіндегі № 84 орта мектебінің аға пионер тәлімгері болып бастаған.

Маңғыстау облысының білім беру саласында жұмыс істеді, өңірдің жалпы білім беретін, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, Маңғыстау облысы ішкі саясат департаментінің талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, Маңғыстау облысының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени бөлімінің меңгерушісі, Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары,  "ҚазМұнайГаз "Барлау Өндіру"АҚ Жедел басқару тобының әлеуметтік жұмыс және қоғаммен байланыс секторының атқарушы органдарымен байланыс жөніндегі талдаушы, "Маңғыстау облысы әкімдігінің талдау орталығы" АҚ басқарма төрағасы, "Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің өңірлік орталығы" АҚ Басқарма төрағасы, Ақтау қаласы, Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2017 жылдан 2018 жылға дейін - Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, "Nur Otan" партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары болды.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысы әкімі аппаратының хаттамалық тапсырмаларды бақылау бөлімінің меңгерушісі болды.

Нұрлан Ноғаев Звира Есбергенованың жұмысына сәттілік тілеп, Маңғыстау облысының әлеуметтік саласын дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ақтау
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: