Ерболат Ибрайханов ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерболат Мақсұтханұлы Ибрайханов ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды. Ол тарифтік саясат пен құрылыс мәселелеріне жетекшілік ететін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерболат Ибрайханов 1981 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Қ. А Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Nottingham университетін және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын ол 2023 жылы ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының бас экономисті болып бастаған.

2004 жылы – ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі құрылымдарында жетекші маманның м.а., жетекші маман.

2005-2008 жылдары – ҚР Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің құрылымындағы бөлімде бас маман.

2008-2011 жылдары ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің құрылымдарында бас сарапшы, басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары, өңіраралық инспекциялар бастығы, инспекция бастығы болып жұмыс істеді.

2010-2016 жылдары – ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі Тергеу департаменті директорының орынбасары.

2016-2017 жылдары – Алматы қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы басшысы орынбасарының м.а., орынбасары.

2018-2019 жылдары – ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының м.а.

2019 жылы ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.

2019-2022 жылдары – ҚР ЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: