Шымкентте мәдениет басқармасының басшысы ұсталды

12 қазан күні әлеуметтік желілерде Шымкент қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Шәкеевтің ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпаратты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.

"Иә, біз сотқа дейінгі тергеу басталғанын растаймыз", - деді "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Zakon.kz-ке.

Ведомство егжей-тегжейді кейінірек хабарлайтынын айтты.

Сәкен Шәкеев 1989 жылы 26 қазанда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі: Құқық саласындағы бакалавр және магистр дәрежесі.

Еңбек өтілі:

Сәкен Сейітханұлы еңбек жолын 2008 жылы ҚР әкімшілік-құқықтық жұмыс департаментінің шаруашылық жөніндегі әкімшісі ретінде бастады, 2009-2014 жылдары логистика департаментінің жетекші менеджері, 2014-2015 жылдары қаржы және әкімшілік-құқықтық жұмыс департаментінің заңгері, 2015-2017 жылдары логистика департаментінің директоры, 2017-2020 жылдары Мәдениет және спорт министрлігі "Қазақ әуендері" акционерлік қоғамының вице-президенті болып жұмыс істеді.

2022 жылғы 6 қыркүйектен бастап Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

2023 жылғы 10 наурыздан бастап қазіргі уақытта Шымкент қаласының Мәдениет тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Шымкент Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: