Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бішкекке жұмыс сапарынан видео жарияланды

Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бішкектегі жұмыс сапарына шолу жасаған видеоны жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео шолу Ақорданың Тelegram-дағы арнасында жарияланды.

Видеодан Мемлекет басшысын әуежайда қалай жылы қарсы алғанын, сондай-ақ оның ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысқанын көруге болады. Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше негізгі мәселелерді көтеріп, соның ішінде Таяу Шығыстағы жағдайға да тоқталды


Саммит қорытындысы бойынша Достастық елдерінің көшбасшылары бірқатар құжаттарды қабылдады. ТМД-ға мүше мемлекет басшылары кеңесінің келесі отырысы Ресей Федерациясының төрағалығымен 2024 жылы өтеді.

2023 жылы 13 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев өсіп келе жатқан геосаяси қайшылықтарды атап өтіп, әлемдік экономикадағы құбылмалылықтың күшеюіне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халықаралық қатынастарда әділдік қағидатын орнатуды, халықаралық қоғамдастықтың барлық мүшесінің заңды және егемендік құқығын ескере отырып, оны демократияландыруды жақтайтынын жеткізді.

Мемлекет басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі қазіргі тоқырау жағдайында әмбебап ұйымның өкілдік аясы анағұрлым кең органы саналатын БҰҰ Бас Ассамблеясының рөлін күшейтуге мүмкіндік бар әрі қажет деп есептейді.

Қазақстан
Қырғызстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды