Ресей президенті Владимир Путин Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" бастамасы түрлі интеграциялық үдерістер, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақпен (ЕАЭО) байланыстырылатын үлкен еуразиялық кеңістік қалыптастыру туралы ресейлік идеялармен үйлесетінін айтты, деп жазды РИА Новости.
"Біз Ресей мен Қытай өркениеттік әртүрлілікті және әрбір мемлекеттің өз даму моделіне құқығын құрметтей отырып, жалпыға ортақ тұрақты және ұзақ мерзімді экономикалық прогресс пен әлеуметтік әл-ауқатқа қол жеткізу мақсатында әлемнің көптеген елдері сияқты тең құқылы, өзара тиімді әріптестік құруға ұмтылатыныр бірнеше рет атап өттік". Владимир Путин
Форумда Ресей президенті мүдделі елдерді Солтүстік теңіз жолын дамыту мақсатында әріптестік құруға шақырды.
Бған қоса Кремль басшысы даму жоспарларын жүзеге асыруда Қытайға табыс тіледі.
"Әрқайсымыз қандай да бір үлкен іс бастағанда, әрине, оның табысты болғанын күтеміз, бірақ, әрине, осыдан 10 жыл бұрын Қытай Халық Республикасының төрағасының осындай жаһандық ауқымдағы бастамасына шынын айтқанда, бәрі ойдағыдай болады деп сену қиын болды. Қытайлық достарымыздың қолынан келіп жатыр". Владимир Путин
Ресей басшысы Қытайға алдағы жоспарларын іске асыруда табыс тіледі.