Нұрлан Алдамжаров су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды

Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Нұрлан Алдамжаров су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрлан Алдамжаров 1975 жылы дүниеге келген.

Ташкент инженерлік ирригация және механизация ауыл шаруашылығы институтын бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы "Ташоблмелиоводстрой" трестінің №5 механикаландырылған өндірістік колоннасының 4 разрядты монтажнигі, шебері болып бастаған.

2002-2008 жылдары Ташкент және Шымкенттің коммуналдық кәсіпорындарында түрлі қызметтерде жұмыс істеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Су ресурстарын реттеу және қорғау бөлімінің жетекші маманының м.а., жетекші маманы, бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Ауыз сумен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, басшысы, басқарма басшының орынбасары, ОҚО-ның ТКШ және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

"Нұр Отан" партиясының орталық аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаментінің директоры, партиялық бақылау қызметінің басшысы, ҚР АШМ Су ресурстары комитеті "Қазсушар" РМК-ның гидротехникалық құрылыс бөлімінің жетекші маманы, ҚР АШМ Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары, Жамбыл облысы әкімдігінің Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы болды.

2020-2023 жылдары – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты