Тоқаевқа Қазақстан экономикасындағы құрылымдық реформалар жайы баяндалды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Жандос Шаймардановты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысына Қазақстан экономикасындағы құрылымдық және институционалдық реформалардың жүзеге асырылуына жасалған сараптама жұмыстары таныстырылды, делінген Ақорда хабарламасында.

Бұдан бөлек, Президентке ұлттық статистиканы реформалау жөніндегі бағдарламаның іске асырылу барысы және Ұлттық статистика бюросын цифрлық ведомствоға айналдыру жөніндегі тапсырмасының орындалуы туралы мәлімет берілді.

Агенттік төрағасы мемлекеттік статистика және деректерді басқару мәселелері бойынша заң жобасы әзірленгенін баяндады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық реформаларды сапалы әзірлеу маңызды екенін атап өтіп, осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Айта кетсек, Шаймарданов аталған агенттікке 16 қыркүйектен бастап басшылық етіп келеді. 

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Елена Рыбакина US Open-2026 чемпионы атанды!

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті