Арсен Жақанбаев ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитетінің төрағасы болды

Сурет: primeminister.kz
ҚР су ресурстары және ирригация министрінің бұйрығымен Арсен Жақанбаев ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді..

Арсен Жақанбаев 1988 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы "Аймақтық-гидрогеологиялық-мелиоративтік орталық" мемлекеттік мекемесінде маман болып бастаған.

"Қазсушар" РМК Қызылорда филиалында инженер-жобалаушы, Қарағанды қ. "Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы" РМК-де жетекші маман, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (кейіннен Ауыл шаруашылығы министрлігі) Су ресурстары комитетінің бас сарапшысы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Бюджеттік инвестициялар және МЖӘ дамыту департаменті басқармасының бас сарапшысы, ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің топтық су құбырларын дамыту басқармасының басшысы, ҚР АШМ Су ресурстары комитеті Экономика, бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті Су ресурстарын пайдалануды реттеу басқармасы басшысы, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Трансшекаралық өзендер департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2023 жылдың шілдесінен қазіргі уақытқа дейін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су саясаты департаментінің директоры.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек