Тоқаев энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президентке энергетика саласын дамытудың негізгі мәселелері мен еліміздің отын-энергетика кешенінің биылғы 10 айдағы көрсеткіштері, сондай-ақ мұнай-газ және энергетика бағыттарындағы ірі жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берілді, деп жазды Ақорданың ресми сайты.

Кездесу барысында Алмасадам Сәтқалиев аталған кезең ішінде Қазақстандағы мұнай өндіру көлемі 74,8 миллион тоннаны, ал мұнай өнімдерінің өндірісі 11,2 миллион тонна болғанын жеткізді. Сонымен қатар 48,7 миллиард текше метр газ, 93,5 миллиард кВт/cағ электр қуаты және 15,35 мың тонна уран өндірілген.

"Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық электр желісін дамыту үшін атқарылып жатқан шаралар, биыл маусым айында іске қосылған электр энергиясын нарықта сатудың жаңа механизмі жөнінде баяндалды", – делінген хабарламада.

Мемлекет басшысына қысқы жылыту маусымы қалыпты өту үшін қосымша бақылау орнатылғаны туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, энергетика нысандарын қамтамасыз ету мақсатында 5,5 миллион тонна көмір мен 100 мың тонна мазут қоры дайындалған.

Бұған қоса Мемлекет басшысына ведомствоның ел аймақтарына одан әрі газ құбырын тарту жоспары таныстырылды.

Кездесу соңында Президент жылыту маусымының барысын және энергетика инфрақұрылымын жаңғырту жобаларының іске асырылуын айрықша бақылауда ұстауды, сондай-ақ ішкі нарықты жанар-жағармаймен және сұйытылған мұнай газымен үздіксіз қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тапсырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді