Қазақстан Жаһандық экологиялық қоры бойынша ұлттық үйлестірушіні жаңадан тағайындайды

Сурет: pixabay
Экология және табиғи ресурстар министрлігі "Қазақстан Республикасы атынан Жаһандық экологиялық қор (Global Environment Facility) бойынша ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы" Үкімет қаулысын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстан Республикасы атынан Жаһандық экологиялық қор (Global Environment Facility) бойынша ұлттық үйлестірушісі болып тағайындалсын", делінген құжатта.

Бұған дейін бұл лауазымды ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зульфия Болатқызы Сүлейменова атқарып келген.

Оның тағайындалуы туралы 2022 жылғы 1 маусымдағы қаулы күшін жояды.

Құжат қоғамдық талқы үшін Ашық НҚА сайтына 6 желтоқсанға дейін орналастырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Тоқаев қазақстандық жоғары оқу орындарының әлсіз тұстарын атады