Жеті жасар қыздың өлімі: Ауыл әкімінің мәселесі партия жиынында қаралды

Сурет: Zakon.kz
Қайғылы оқиға орын алған Бесқауға ауылы қарасы Қоянды ауылдық округінің әкімі Абай Хакімов жұмыстан босатылды. Оған қоса оны Amanat-тың облыстағы филиалының партиялық бақылау комиссиясы партия қатарынан шығаруды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ПКК төрағасы Олег Костенко атап өткендей, ауылдық округтің бұрынғы әкімі өз қызметіне атүсті қараған, қайғылы оқиға орын алған Бесқауғадағы отбасына лайықты деңгейде көмек көрсетпеген, бақылау жасамаған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

"Жергілікті атқарушы органдар өкілі ретінде ол тұрмыс жағдайы ауыр отбасыларын ерекше бақылауда ұстауы тиіс. Біз онда болған кезде антисанитарияға кезіктік. Ауыл бөлімшесінде небары жеті-ақ үй бар", - дейді партия облфилиалының атқарушы хатшысы Айгүл Мәлікова. 

Одан бөлек, партиялықтар қызметтік міндеттерін толық орындамай, қайғылы жағдайға жол берген барлық адам жауапкершілікке тартылуы тиіс деген уәж де айтылды.

Айта кетейік, облыс әкімі Асайын Байхановтың тапсырмасымен Қоянды ауылдық округінің әкімі, Екібастұз қаласы әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы жұмыстарынан босатылды. Сонымен бірге, Екібастұз қаласы әкімінің шешімімен Шідерті ауылының әкімі жұмыстан босатылды. Полицейлерге де қатысты жаза қолданылатын болады.

17 қарашада Бесқауға ауылында жеті жасар Милана Давыдованың жоғалғаны туралы ақпарат тарады. Кейін баланың өлтірілгені белгілі болды. Қыздың анасы негізгі күдікті ретінде істі болуда.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді