Қазақстан мектептерінде діни әдебиеттерге тыйым салынбақ

Сурет: unsplash
30 қарашада өткен жалпы отырыста мәжіліс депутаттары Қазақстан мектептерінде діни әдебиеттерге тыйым салу туралы ережені қолдады. Құжат сенаттың қарауына жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын депутат Асхат Аймағамбетов таныстырды. Оның айтуынша, заң жобасының бір ережесінде мектептерде балалар үшін жағымсыз ақпаратты таратуға тыйым салу қарастырылған.

"Білім беру ұйымдарында діни және басқа да зиян ақпараттың таралуына жол бермеу үшін стандарт ұсынылды".Асхат Аймағамбетов

Депутат мұндай тыйым салудың қажетін мектептің зайырлы ұйым екенін, ол жерде діни ақпарат болмау керек екенімен түсіндірді.

"Бұл анық норма түрлі діни қайраткерлерді және басқа да діни әдебиеттерді немесе ақпаратты мектептерге кіргізбеуге негіз болады деп ойлаймын. Біздің мектептер зайырлы мекеме, түсінесіз бе? Сондықтан зайырлы мекеме толығымен зайырлы болуы керек. Егер діни әдебиетті оқығыңыз келсе мүмкіндігіңіз жетеді, ата-анасы бар. Дегенмен балалар кәмелет жасына толғанша қорғалуы керек (діни насихаттан – ред.). Өйткені оларға қорытынды шығару өте қиын", – деп түйіндеді Асхат Аймағамбетов.

Депутаттардың бастамасымен әзірленген заң жобасында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың құқығын қорғауға қатысты бірқатар норма қарастырылған.

Қазақстан
Аймағамбетов Асхат
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты