Тоқаев БҰҰ аясындағы миссияларға қатысу үшін бітімгерлік контингенттің әлеуетін арттыруды тапсырды

Сурет: akorda.kz
2023 жылы 4 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, кездесу барысында Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының биылғы атқарған жұмыстарының қорытындысы  және әскердің жауынгерлік дайындығына қатысты жаңа тәсілдер, оқу базасы мен полигондардың жай-күйі туралы баяндалды.

Сонымен қатар мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау мәселесіне, ұшқышсыз ұшатын ұшақ кешендерін, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қару-жарағын, жаңғыртылған бронды техника мен байланыс құралдарын қоса алғанда, авиациялық техниканың жаңа үлгілерімен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Бұдан бөлек, Президентке азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру барысы, әскери қызметшілердің мәртебесі мен оларға берілетін ақшалай қаражатты арттыруға бағытталған шаралар туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ аясында жүзеге асырылатын миссияларға қатысу үшін қазақстандық бітімгерлік контингенттің әлеуетін арттыру қажет екенін атап өтті.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы министрге отандық қорғаныс бағытындағы кәсіпорындармен ықпалдастық жасау, аумақтық қорғанысты және Арнайы операцияларға қатысатын күштерді дамыту, әскери-патриоттық жұмысты күшейту жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін