Президент Алматы қаласының әкімдігіне барды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапары барысында қайта қалпына келтірілген қала әкімдігінің ғимаратын аралап көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа реконструкция кезінде әкімдік ғимаратының энергетикалық тиімділігін едәуір арттыруға ықпал еткен заманауи материалдар мен технологиялар қолданылғаны туралы баяндалды. Ғимараттың тарихи мәнін ескере отырып, оның архитектуралық келбетін сақтау туралы шешім қабылданды. Мәрмәрлі қасбеттер, жезбен және табиғи тастармен безендірілген ішкі сәндік элементтер бұрынғы қалпына келтірілді.

Реконструкция жұмыстары толығымен аяқталған үш павильонға былтыр қазан айынан бастап қала әкімдігінің аппараты мен 14 басқармасы орналасты.

Президентке өрттен қатты зардап шеккен №4 павильонда жөндеу жұмыстары жалғасып жатқаны туралы мәлімет берілді. Күмбезді ұстап тұратын қондырғылар мен темір конструкция жоғары температураның әсерінен түгелдей зақымданған. Сондықтан күмбезді толықтай қайта жөндеуге тура келді. Қазір бұрынғысына қарағанда әлдеқайда жеңіл, жаңа конструкция орнатылған. Құрылыс жұмыстарын ақпан айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Қазақстан
Алматы
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды