"Біз Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлеріне және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын растаймыз", - делінген ведомство хабарламасында.
Тергеу жалғасып жатыр.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бап шеңберінде өзге ақпарат жарияланбайды.
Бұған дейін Екібастұз ГРЭС-1-ге қатысты монополияға қарсы тергеу басталғаны хабарланған еді.
Мансұр Ошурбаев 1988 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, "Тұран-Астана" университетін бітірген. Еңбек жолын 2010 жылы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде жетекші маман болып бастаған.
2010-2014 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінде әртүрлі қызметтерде жұмыс істеді.
2014-2016 жылдары – ҚР Энергетика министрлігі Астана қаласы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары.
2016-2017 жылдары – ҚР Энергетика министрлігі Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары.
2017-2019 жылдары – ҚР Энергетика министрлігі Астана қаласы бойынша экология департаментінің басшысы.
2019 жылғы қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры болды.