Асхат Шахаров күшті қарлы боранға байланысты Ақтөбе облысының тұрғындарына үндеу жасады

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров бір күн бұрын, 6 ақпанда жарияланған қолайсыз ауа райына байланысты облыс тұрғындарына үндеу тастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол қазіргі уақытта күшті қарлы боран салдарынан облыстағы 20-дан астам ауыл жарықсыз қалғанын нақтылады.

"Құрметті жерлестер! Күшті боран, ауа райының қолайсыздығы тұрғындарды әуре-сарсаңға салып жатыр. Қазір облысымызда қатты соққан желдің салдарынан 20-дан астам ауыл жарықсыз отыр. Күн демей, түн демей, мамандарды жұмылдыра отырып, бұл апаттық жағдайға байланысты қалпына келтіру жұмысын күшейтілген режімде жүргізіп жатырмыз. Қала бойынша 15 бригада жарық сөнген жерлерге жұмылдырылды. Қажет техникалар мен көліктер бар", - деді облыс әкімі.

Оның сөзінше, облыста электр қуатынсыз қалған аудандардағы кейбір ауылдарда да жұмыс істеліп жатыр. Оған 20 авариялық бригада мен 70-ке жуық техника тартылды. Кей елді мекендерде қуат көзі қалыпқа келтірілген. 

"Табиғаттың тосын мінезінен болған электр жарығының сөнуіне қатысты апаттық жағдай жеке бақылауымда. Электр қуатын қалыпқа келтіріп, тұрғындарды тез арада жарықпен қамту бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берілді. Тиісті басқармалар мен мекемелер қосымша ақпараттардан хабардар етіп отырады", - деп жазды облыс әкімі Асхат Шахаров өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Ақтөбе
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды