Тоқаев Франция президентіне қазақы тазының екі күшігін сыйлады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға қазақы тазының екі күшігін сыйлады.

Былтыр қараша айында Мемлекет басшысының шақыруымен Астанаға сапармен келген Франция Президенті "Этноауыл" көрмесін аралап көріп, қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысқан еді.

Көрме орталығын тамашалау барысында Эмманюэль Макронға қазақы тазының тұқымы ерекше ұнаған болатын. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев франциялық әріптесіне тазы сыйлауға уәде берген еді.

Кейін Парижге қазақы тазының бес айлық екі күшігі жеткізілді. Қос тазыны француз ветеринарлары тексеріп, уақытша карантинге жіберді. Сонымен қатар Франция тарапына күшіктерді тамақтандыру және үйрету жөніндегі нұсқаулық берілді.


"Тазы күшіктеріне Жюль және Жанна деген жарасымды есім берілгені мәлім болды. Күшіктер Макрон отбасының Немо есімді қара лабрадорымен "достасып" үлгерген. Айтпақшы, бұл итті ерлі-зайыпты Макрондар 2017 жылы жануарлар паналайтын жерден асырап алған", - делінген БОРТ N1 Telegram каналындағы хабарламада.
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз