Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке, құзырлы мемлекеттік органдарға және облыс әкімдеріне бірқатар тапсырма берді

Сурет: akorda.kz
2024 жылдың 1 сәуірінде мемлекет басшысы Республикалық штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиын барысында мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен адамдарға тиісті барлық көмек көрсетуін тапсырды.

"Бұл мақсатқа Үкіметтің және әкімдіктердің резервін ғана емес, "Қазақстан халқына" қорының қаржысын да пайдалану қажет. Осындай жауапты сәтте еліміздегі бизнес өкілдерін халыққа қол ұшын созуға шақырамын. Апаттан зардап шеккен азаматтарға және аймақтарға барынша қолдау көрсету керек. Бұл – дәл қазіргі кезеңде баршаға ортақ міндет. Қарғын судан қатты шығынға ұшыраған батыс аймақтарда ірі кәсіпорындар көп. "Самұрық-Қазына" қорына қарасты компаниялар, жер қойнауын игерушілер бар. Олар халыққа жәрдем беріп, бүлінген инфрақұрылымды қалпына келтіруге атсалысады деп сенемін", – деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін мемлекет басшысы су тасқынының ауқымына баға берген болатын. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қазіргі су тасқынының шарықтау шегі әлі өткен жоқ. Президент сондай-ақ жағдайдың кез келген сәтте күрт нашарлауы мүмкін екенін айтты.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты