Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке көңіл айтты

Сурет: akorda.kz
2024 жылы 4 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жол апатынан өзбекстандық сегіз азаматтың қаза табуына байланысты Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент – Самара тас жолында болған жол апатынан өзбекстандық сегіз азаматтың қаза табуына байланысты Президент Шавкат Мирзиёевке көңіл айтты, делінген Ақорданың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазақстан Президенті қара жамылған отбасылардың қайғысына ортақтасып, жылы лебіз білдірді.

Айта кетсек, 3 сәуірде Самара-Шымкент автожолында Маржанбұлақ ауылының маңында Volvo жүк көлігі мен Өзбекстан Республикасы азаматы тізгіндеген Toyota-Аlhpard минивенінің қатысуымен жол апаты болды. Апат салдарынан минивен жүргізушісі мен 7 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Марқұмдардың барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары екені нақтыланады. Алдын ала мәліметтер бойынша, қозғалыс кезінде жүк көлігінің дөңгелегі жарылып, салдарынан жүргізуші көлік рөліне ие бола алмай, қарсы бағыттағы жолдың бетіне шығып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Мирзиёев Шавкат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?