Президентке Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық барысы баяндалды

Сурет: Ақорда
27 сәуірде "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Астана қаласын абаттандыру және көгалдандыру жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, биыл 1,1 миллион жасыл желек, соның ішінде қала аумағында 35 мың, елорданың жасыл белдеуі аймағында 200 мың түп көшет отырғызу жоспарланған.

Сонымен қатар қаладағы 170 қоғамдық орынды, оның ішінде Есіл өзенінің бойын, Ақбұлақ жағалауын, сондай-ақ Триатлон паркі, Бейбітшілік және келісім сарайы, ЭКСПО маңын абаттандыру жұмыстары жалғасады.

Астана әкімі былтыр елорданы көгалдандыру жарғысы қабылданғанын атап өтіп, аталған құжатқа сәйкес егілген жасыл желекті 3 жылға дейін күтіп-баптау міндеті жүктелетінін және үлкен ағаштар мен көпжылдық өсімдіктер отырғызуға басымдық берілетінін жеткізді.

Президентке "Мыңжылдықтар аллеясын" дамыту жоспары және Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық барысы жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Зорлық-зомбылық жасады деп айыпқа ілінген ХҚС Бас прокуроры отставкаға кетіп тынды

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары: ережелер жаңартылды