Миллардтаған тапшылық: Мәжіліс Үкіметтің 2023 жылғы бюджет есебін қарауда

Сурет: pxhere
Мәжіліс депутаттары Үкімет пен жоғары аудиторлық Палатаның 2023 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы есебін қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Татьяна Савельеваның айтуынша, 2023 жылы ЖІӨ нақты өсімі 5,1 пайыз, бұл — бекітілген әлеуметтік-экономикалық дамуының болжам бойынша 1,1 пайызға жоғары.


"Республикалық бюджетке түскен салық түсімінің көлемі 12,9 трлн теңге болған. Жоспар бойынша 14,3 трлн теңге болуы керек , яғни салық түсімі 1,4 трлн. теңгеге кем. Шығындардың орындалуы жоспардың 99,6 пайызы болса, оның ішінде өңірлерге аударылған трансферттер – 39,4 млрд теңге. Игерілмеген қаражаттың сомасы бар жинақтарды және республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша үкімет резервінің бөлінбеген сомасын есепке алғанда 73,3 млрд теңге болды", - деді Савельева.

Жалпы 2023 жылға бюджет тапшылығы 3,1 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімнің 2,6 пайыз болды.

Қаржы және бюджет комитеті 26 маусымға дейін есеп бойынша қорытынды дайындауға дайын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды