Тоқаев Алматыда БҰҰ-ның өңірлік орталығын құру мәселесін көтерді

Сурет: akorda.kz
21 мамырдағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерімен кездесу барысында мемлекет басшысы Ауғанстанды мысалға ала отырып, Орта Азиядағы киберқауіпсіздік мәселесін көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның пікірінше, бұл жұмыста киберқауіптерді ерте анықтауға және ШЫҰ елдерінің ақпараттық инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету тетіктерін әзірлеуге баса мән берілуі керек.

"Ауғанстандағы жағдай жіті назар аударуды қажет етеді. Бұл елде гуманитарлық дағдарыстың алдын алу және ұзақмерзімді тұрақтылыққа жағдай жасау үшін күш біріктіру жұмыстарын жалғастырған жөн".Қасым-Жомарт Тоқаев

Осы орайда мемлекет басшысы Алматыда БҰҰ-ның өңірлік орталығын құру ұсынысына да тоқталып өтті. 

"Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның өңірлік орталығын құру туралы Қазақстанның бастамасын қолдау – өте өзекті",- деп толықтырды мемлекет басшысы.

Соңғы уақытта бірқатар елді әбігерге салып қойған климаттың жедел өзгеруі жайлы да айтты. 

"Біз климаттың өзгеруі мәселесіне айрықша назар аударуымыз қажет. Алдын алу шараларын шұғыл қабылдамасақ, бұл мәселе планетамыздағы жаһандық табиғат апаттарын асқындырып жіберуі мүмкін. Ауа райының аса құбылмалы болуы әлемдегі басты проблемалардың біріне айналып келеді. Осыған байланысты ШЫҰ табиғат апаттарымен күресу ісіндегі тәсілдерін жаңартуы қажет. Биыл көктемде біздің еліміз климат өзгерістерінің кері әсерін анық сезінді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстандағы алапат су тасқыны кезінде тілеулестік танытып, көмек көрсеткені үшін сіздердің елдеріңізге шынайы алғысымды білдіргім келеді. Біз бұл қолдауды жоғары бағалаймыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, жиын барысында Тоқаев барша Иран халқы мен оның басшылығына осы елдің Президенті мен Сыртқы істер министрінің қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көңіл айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды