Атап айтқанда, енді тұрғын үйді жекешелендіру мәселесін шешетін тұрғын үй комиссиясының қарауына басқа құжаттармен қатар Порталда тіркелген жалдау шартын немесе тұрғын үйге ордер ұсыну қажет.
Өтініш беруші жекешелендіру тәртібімен тұрғынжайларды меншікке сатып алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы тұрғын үй комиссиясының қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
- жалдаушының кәмелетке толған барлық отбасы мүшелері қол қойған өзі тұратын тұрғынжайды жекешелендіруге өтініш;
- көрсетілетін қызметті алушы мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар (сәйкестендіру үшін);
- некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктер (қажет болуына қарай, ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда);
- порталда тіркелген жалдау шарты не тұрғынжай ордері;
- көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайда соңғысы өздерін көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімін ұсынады;
- халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжатты қосымша ұсынады;
- мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, судьялар және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санатына жататын азаматтар жұмыс (қызмет) орнынан анықтаманы не жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады;
- ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін өздерінің мәртебесін растайтын құжатты ұсынады;
- тұрғынжайды жалдау шарты бойынша берешектің жоқ екенін растайтын құжат;
- Қағидалардың 7-тармағына сәйкес жекешелендірген жағдайда – мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды меншігіне өтеусіз алуға құқығы бар азаматтардың санатына жататынын растайтын құжат.
Бұл ретте жеке басты куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе некені бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болуы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы (2007 жылғы тамыздан кейін) куәліктердің мәліметтерін, меншік құқығында өздеріне тиесілі тұрғынжайдың (Қазақстан Республикасы бойынша) бар-жоғы туралы мәліметтерді, мекенжайы туралы мәліметтерді, басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімін, көрсетілетін қызметті алушының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден отбасының барлық мүшелеріне алады".
Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншікті бір түрінен екіншісіне беру қағидаларына сәйкес беру туралы шешім шығарылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде порталды пайдалану арқылы электрондық нысанда жүзеге асырылады.
Жекешелендіру туралы шешім шығарылғаннан кейін тұрғынжайды коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын мен коммуналдық мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан коммуналдық тұрғын үй қорына беру күнтізбелік он бес күн ішінде порталды пайдалану арқылы электрондық нысанда жүргізіледі.
Портал арқылы тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт жасалғаннан кейін, өтініш беруші күнтізбелік отыз күн ішінде жергілікті бюджетке төленуге тиіс тұрғынжайдың құнын төлейді.
Тұрғынжай меншікке өтеусіз алынған кезде төлем жүргізілмейді.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң (10 маусым) қолданысқа енгізіледі.