Тоқаев Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Сурет: akorda.kz
2024 жылы 16 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің құттықтау сөзін Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.

"Қадірлі отандастар! Құрбан айт құтты болсын! Бұл – имандылық пен мейірімділіктің, адамгершілік пен адалдықтың, жанашырлық пен жауапкершіліктің мән-маңызын арттыра түсетін мейрам. Барша мұсылмандар асыға күтетін қастерлі мерекенің тағылымы зор.  Құрбан айтта, ең алдымен, сауабы мол игі амалдар жасалып, елді ізгілікке бастайтын құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Сол арқылы халқымыздың рухани тұтастығы нығая түседі". Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Өз сөзінде Президент ата дініміздің ұлағаты біздің салт-дәстүрімізбен тығыз сабақтасып жатқанын баса атап өтті.

"Халқымыз қашанда қиындыққа тап болған жандарға қол ұшын беріп, көмегін аямаған. Көктемдегі алапат тасқын кезінде жұртымыздың осы асыл қасиеті айқын көрінді. Біз ырысты ынтымағымыздың арқасында кез келген қиындықты жеңеміз. Айттан айтқа аман-есен жете берейік! Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Әр шаңыраққа амандық, толайым табыс тілеймін!", - деді Президент.

Айта кетсек, бүгін - 16 маусымда Алматы облысында Құрбан айт намазы сағат 6-00-де оқылды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді