Мұрат Нұртілеу Түркі мемлекеттері ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты

Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
2024 жылы 6 шілдеде Шуша қаласында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) бейресми саммиті қарсаңында өткен ТМҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараға қатысушылар аталған ұйымның қызметін жетілдіру және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Көлік, логистика, коммуникация және климаттық өзгерістерге қарсы күрес сияқты салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығы аталып өтті, делінген ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы Мұрат Нұртілеу өз сөзінде Қазақстанның "TURKTIME!" ұранымен өтіп жатқан 2023-2024 жылдардағы ТМҰ-дағы төрағалығы туралы айтып берды. Сондай-ақ ол біздің еліміздің ұйымды одан әрі дамыту және оның әлемдік аренадағы беделін нығайту жөніндегі көзқарасын белгіледі.

Отырыс қорытындысы бойынша Мажарстандағы ТМҰ Өкілдік Кеңсесінің Атқарушы директорын тағайындау туралы шешім қабылданды, сондай-ақ ТМҰ Мемлекет басшылары Кеңесінің алдағы отырысы барысында қол қойылатын құжаттар бекітілді.

Түркі мемлекеттерінің ұйымы Қазақстанның бастамасымен 2009 жылы Нахчыван қаласында (Әзербайжан) құрылды. ТМҰ хатшылығы Стамбул қаласында (Түркия) орналасқан. Қазіргі уақытта ұйымға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Мажарстан мен Түрікменстанның бақылаушы мәртебесі бар.

Айта кетсек, 2024 жылы 6 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен барғаны хабарланған.

Қазақстан
Әзірбайжан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды