Қазақстанда төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылды

Сурет: Zakon.kz
Үкімет "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы" 2024 жылғы 28 маусымдағы қаулысын қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта былай делінген:

"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын.

Осылайша, ТЖМ құрамына енді келесі ведомстволар кіреді:

ТЖМ жаңа ведомство орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қатысты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелерінде бақылауды жүзеге асыратынын түсіндірді.

Жобаны іске асыру үшін 2024-2028 жылдар кезеңіне 1 млрд 638 млн 715 мың теңге мөлшерінде қосымша қаржылық шығындар қажет болады.

Қаулы 2024 жылғы 28 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі