Тоқаев Шахтер ауылындағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты

Сурет: Ақорда
2024 жылы 14 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Нұра ауданы Шахтер ауылындағы бірқатар әлеуметтік нысанды аралап көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевқа ауылдағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені таныстырылды. Мұнда волейбол, баскетбол, футбол, үстел теннисі, қазақ күресі секциялары және жаттығу залы бар. Кешенде Мұзбел, Егінді және Байтуған ауылдарының балалары да спортпен шұғылданады.

Сурет: Ақорда

Президент жүзу бассейнін және жақында жөндеуден өткен жергілікті Мәдениет үйін аралап көрді. Қасым-Жомарт Тоқаев "Шахтерское" ЖШС директоры Георгий Прокоп бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында түрлі жобаларды жүзеге асыруға үлес қосқанын атап өтті. Сондай-ақ оның ауданда спортты, мәдениетті және өнерді дамытуға қолдау көрсетіп келе жатқанын айтты.

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Шахтер ауылының Үрмелі аспаптар халық оркестрінің ұжымымен әңгімелесіп, оларға шығармашылық табыс тіледі. Президент өңірлерде спорт және мәдениет жобаларын іске асыру маңызды екеніне назар аударды.

Сурет: Ақорда

Айта кетсек, бүгін Мемлекет басшысы Қарағанды облысында жұмыс сапарымен жүр.

Қарағанды
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады