Тоқаев Қазақстан мен Ресей бизнесіне келтірілетін кедергілерді жою маңыздылығын атап өтті

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірлескен күш-жігер тараптардың қазіргі сын-қатерлерге бейімделіп, екі ел экономикаларының орнықты өсіміне берік негіз қалайтынын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда жазады.


"Көпқырлы ықпалдастығымыздың жоғары деңгейін сақтау қажет. Қазақстан мен Ресей кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасау үшін шекаралық рәсімдерді жеңілдету және сауда-логистикалық кедергілерді жою жұмыстарын жалғастырған жөн. Форум аясында қол қойылған келісімдер, сонымен қатар айтылған нақты бастамалар өңіраралық кооперацияның әлеуетін ашып қана қоймай, екі ел экономикасының дамуына тың серпін беретініне сенімдімін", – деді Мемлекет басшысы.

ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Патрушев, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының жетекшісі Ғалымжан Қойшыбаев сөз сөйледі.

Путин Владимир
Астана
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды