Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасы жайлы: Салымыз суға кететіндей күйде емеспіз

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен болған кездесуде баршаны еліміздің қаржылық тұрақтылығын жетекші рейтинг агенттіктерінің болжамдары растап отырғанына назар аудартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент кейбір "сарапшылар" айтып жүргендей, ел экономикасының жағдайы соншалықты мүшкіл деген пікірмен келіспеді.

"Салымыз суға кететіндей күйде емеспіз. Бірақ босаңсуға да болмайды. Иә, экономикада 4,8 пайыздық өсім бар. Үкімет отырысында мұның Қазақстан үшін жеткіліксіз екенін айттым. Үкімет дамудың жаңа даңғылын іздеуі керек". Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұл ретте, Мемлекет басшысының пікірінше, бизнес қоғамдастықтың рөлі үлкен.

"Халықаралық қаржы ұйымдары мемлекеттік қарыз деңгейін "аса жоғары емес", яғни басқаруға икемді деп бағалап отыр. Қарызды басқару саясаты бекітілген қаржылық шектеулерді қатаң сақтау арқылы жүргізіледі. Кіріс деңгейін арттыру есебінен бюджет тапшылығын азайту көзделген. Бұл мемлекеттің борышын төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ұзақмерзімді экономикалық өсімді қамтамасыз етеді", – деді Президент.

Бұған дейін Президенттің қосымша құн салығының үкімет ұсынған мөлшерлемесі тым жоғары деп санайтынын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет пен бизнес арасындағы қарым-қатынасты цифрландыру өзекті екеніне назар аударды. Ал банкирлерге Президент қарызға белшесінен батқан азаматтарға көмектесу керектігін айтты.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

+42 градус ыстық пен нөсер жаңбыр: синоптиктер дүйсенбідегі ауа райы болжамын ұсынды

Синоптиктер Алматыда ыстықтың беті қашан қайтатынын айтты. Бір аптаға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" Алматы мен Өскемен тұрғындарына ескерту жасады

ҰБТ-да талапкерлерге Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат етілді